"Бақыттымыз": Айсәуле Бақытбек күйеуімен ерекше видео жариялады

Опубликовано:

Айсәуле Бақытбек отбасымен
Фото: Instagram/aissaulebakytbek

Отандық танымал блогер Айсәуле Бақытбек желіде күйеуімен түскен ерекше видеоны бөлісіп, бақытты екенін айтты. Желідегілер ерлі-зайыптыға тамсанып, оларға жылы лебізін білдірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айсәуле Бақытбек отбасылық бейнежазбаны Instagram парақшасында жариялаған. Онда ерлі-зайыптының электрлі самокатпен келе жатқандарын көруге болады. Желі жұлдызы сүйіктісін қатты құшақтап алып, аса ерекше сәтті видеоға түсірген.

Блогердің сөзінше, бүгінде күйеуі екеуінде де жүргізуші куәлігі жоқ.

Желі қолданушылары жақында ата-ана атанған жастарға тәнті болып, оларға ақ тілегін жолдады.

"Осылай өмірдің соңына дейін күліп өтіңіздер", "Бақытты күндеріңіз көп болғай", "Сондай жарасымды жұп. Махаббаттары видеодан-ақ көрініп тұр", "Құдай осындай жұптарды ажыратпасын. Айсәуле өте керемет, ақылды, қарапайым, түсінігі мол қызсың", "Махаббаттарың баянды болсын", "Көз тимесін сіздерге", "Сондай тәтті жұп. Балапандарыңыз көп болсын", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1973071-baqyttymyz-aisaule-baqytbek-kuieuimen-erekse-video-zariyalady/

jitsu gif