Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бақытты жанұя": Тәуекел Мүсілім ерекше отбасылық видеоларды бөлісті

Опубликовано:

Тәуекел Мүсілім жарымен
Фото: Instagram/mahonti__

Актер Тәуекел Мүсілім желіде келіншегі және ұлымен түскен видеоларын жариялап, қалың көпшілікті сүйсінтті. Желі қолданушылары бүгінде Түркияда демалып жатқан жұлдызды жанұяға жарыса жылы лебізін білдіруде, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тәуекел Мүсілім ерекше отбасылық видеоларын Instagram парақшасында бөліскен. Бірінші бейнежазбада актердің әйелі және ұлымен бірге Tik-tok желісіндегі трендті түсіргенін көруге болады.

Ал екінші видеода өнер иесі келіншегі екеуі жылы видеоға түскен.

Желі қолданушылары жұлдызды жанұяға тамсана қарап, оларға деген ыстық ықыласын білдірді.

"Бақытты отбасы. Демалыстарыңыз жақсы өтсін", "Осы қарапайым қалпыңызда қала беріңіз. Нағыз үлгі алар жұпсыздар", "Ешқандай хайп жасап көрмеген жалғыз жұлдызды жұп сіздер ғана шығар. Шын жүректен бақыт тілейміз", "Көз тимесін. Осындай бақытты күндеріңіз көп болғай", "Сіздерден үлгі аламыз. Отбасылық өмірді өте жақсы жағынан насихаттайсыздар", - деп жазуда оқырмандар.

Айта кетейік, бүгінде ерлі-зайыпты Түркияның Алания қаласында демалып жатыр. Олар оқырмандарына ыстық мекендегі күндері қалай өтіп жатқанын көрсетіп жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1973819-baqytty-zanuya-tauekel-musilim-erekse-otbasylyq-videolardy-bolisti/

pixel