Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Айқын Төлепберген су жаңа көлігін көрсетті (видео)

Опубликовано:

Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали
Фото: Instagram/aikyn

Қазақ эстрадасының жұлдызы Айқын Төлепберген қалың көпшілікке су жаңа көлігін көрсетті. Өнер иесі өз арманындағы темір тұлпарды сатып алғанын айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айқын Төлепберген бұл жаңалығын Instagram парақшасында бөлісті. Белгілі болғандай, әнші Porsche Panamera автокөлігін сатып алған. Ол темір тұлпарымен түскен видеосын жариялап, оны өз оқырмандарына көрсетіп үлгерген.

"Алланың қалауымен Порш Панамера сатып алдым. Құттықтап қойыңыздар! Сіздерге де бұйырсын", - деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары әртіс үшін қуанып, оған өз құттықтауын жаудырды.

"Осы кісіден үлкен мотивация аламын. Үй де салып жатыр, бала-шағасын да асырап жатыр, өзін де ренжітпей көліп алып жатыр", "Қандай керемет көлік. Әр ер адамның арманы ғой", "Маған да осындай көлік бұйырса екен", "Құтты болсын", "Мақтанып та үлгеру керек", "Жарайсыз. Бұдан да мықты көліктер алыңыз", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1973944-ansi-aiqyn-tolepbergen-su-zana-koligin-korsetti-video/

pixel