jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының мектеп бітіру кешіне бірге барды (фото)

    Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қыздарымен
    Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

    Әнші Қайрат Нұртас пен келіншегі Жұлдыз Әбдікәрімова үлкен қызы Сезімнің мектеп бітіру кешіне бірге барды. Қос әртістің тұңғышы музыкалық мектепті тәмамдап, қолына аттестатын алды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Бұл жаңалықпен Әбдікәрімова өзінің Instagram парақшасында бөлісті. Ерлі-зайыпты қызы үшін аса маңызды күнде оның қасынан табылып, қолдау білдіріп қайтуды шешкен.

    "Бұрын мен бұл күнді көп елестететінмін. Ойлаған сайын, осы сәтке асығатынмын. Қызық сезім. Міне, тұңғышымыз музыкалық мектептің түлегі атанды. 9-10 жылға жуық білім алып, ұстаздарының үмітін ақтады.

    Ең бастысы - жанының қалауын орындады. Музыкалық мектепті бітіргеніне жылап жүрмін, ертең мектеп бітірсе, не боларын қандай күй кешерімді білмеймін. Ата-ананың қадірін, күйін балаң болғанда білесің деген рас екен-ау", - деп жазды актриса.

    Желі қолданушылары жұлдызды жанұяға құттықтауын жолдап, оларға жылы лебізін білдірді.

    Сонымен қатар Жұлдыз Әбдікәрімова қызының өнер көрсетіп жатқан сәтінен видео жариялады.

    Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының мектеп бітіру кешіне бірге барды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.