Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маржан Арапбаева Түркияда қалай демалып жатқанын көрсетті (видео)

Опубликовано:

Маржан Арапбаева
Фото: Instagram/arapbayevamarzhan

Әнші Маржан Арапбаева өнердегі әріптестерінен қалыспай Түркияға аттанды. Өнер иесі бұл сапарында демалысымен жұмысын да қатар алып жүргенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Маржан Арапбаева Instagram парақшасында оқырмандарына Стамбул қаласынан сәлемдеме жолдады. Эстрада жұлдызы бүгінде Түркия елінде демалып жатқанын айтты.

Ол желіде саяхаты қалай өтіп жатқанын көрсетіп, көпшілікпен өз әсерін бөлісті. Әнші Стамбул қаласының әсем әрі тарихи жерлерін аралап шықты.

Оған қоса Арапбаева әйгілі брендтік дүкендерге де барды. Ол сөмкелердің қайсысын таңдарын білмей, жанкүйерлерінің көмегіне жүгінді. Әртіс көпшіліктен қайсысы әдемірек екенін сұраған.

Желі қолданушылары өнер иесіне жақсы демалыс тілеуде.

"Жақсы демалып қайтыңыз. Мұндай демалыс бізге де бұйырсын", "Табиғаты керемет екен", "Жақсы демалыс болсын", "Көбірек видео салыңыз", "Қандай күшті. Менің де демалысқа ұшып кеткім келді ғой", "Бәрі биыл Түркияға барып жатыр. Бұл ел несімен қызық сонша? Сіз көрсете отырыңыз", "Әсем жерлерін көрсетіңізші. Шынайы көрмесек те, видеодан көрейік", - деп жазуда олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1974576-marzan-arapbaeva-turkiyada-qalai-demalyp-zatqanyn-korsetti-video/

pixel