Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ескерткішті тірі кезінде қою керек": Айқын Төлепберген Мұхтар Шахановқа Алматыдан көше атын беруді ұсынды

Опубликовано:

Айқын Төлепберген
Фото: Instagram/aikyn

Әнші Айқын Төлепберген Алматы көшелерінің біріне Мұхтар Шахановтың атын беру туралы ұсыныс жасады. Әртістің сөзінше, қоғам қайраткеріне көзі тірісінде ескерткіш орнату да артық етпейді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айқын Төлепберген бұл үндеуін Instagram парақшасында жеткізді. Ол Шахановты оның есімімен қаладағы ірі көшелерді, тіпті қаланы да атауға тұрарлық тұлға деп есептейтінін айтты.

"Бүгін бір жаңалық естідім. Тоқаев мырза Мұхтар Шаханов ағамызға "Қазақстанның Еңбек ері" деген дәрежені беріпті. Менің ойымша, бұл жай ғана үйде тұратын диплом сияқты. Себебі Мұхтар Шаханов секілді ұлы тұлғаға, аңыз адамға Алматы қаласының қақ ортасынан көше беру керек немесе Алматының қасындағы Қаскелең, Шамалған сияқты қалмақтың батырларының атымен аталып тұрған қалаларға сол кісінің атын беру керек.

Ескерткішті тірі кезінде қою керек деп ойлаймын. Себебі ағамыздың қазақ тіліне, қазақ тілінің дамуына, қазақ тілінің сақталуына, жалпы қазаққа істеген еңбегі өте зор. Мұхтар Шаханов аман болсын. Біз әрқашанда сізді қолдаймыз, аға. Денсаулығыңыз мықты болсын", - деді әртіс.

Өнер иесі үндеуіне қосылатын көпшіліктен видеосын желіде таратуға көмектесуін сұрады.

Еске салсақ, күні кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда Мұхтар Шахановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын табыс еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1974599-uide-turatyn-diplom-aiqyn-tolepbergen-muxtar-saxanovqa-almatydan-kose-atyn-berudi-usyndy/

pixel