Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актер Тәуекел Мүсілім Түркиядан пәтер сатып алды (фото)

Опубликовано:

Тәуекел Мүсілім
Фото: Instagram/mussilim

Отандық танымал актер Тәуекел Мүсілім өнердегі әріптестерінен қалыспай, Түркиядан пәтер сатып алды. Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желілерде мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тәуекел Мүсілім Instagram парақшасында шетелдегі демалысы аяқталғанын хабарлап, бұл жолы Түркияға баруының басты себебін айтты. Актер өзі пәтер сатып алған компанияға жарнамалық ролик түсіруге барған болып шықты.

"Отбасылық демалысымыздың бітуіне аз уақыт қалды. Оны Айтөренің түрінен байқауға болады, келесі суретте. Бұл жолы Аланьяға келуімнің себебі, біз пәтер алған құрылыс компанияға жарнама түсіру болды. Аллаға шүкір бәрі іске асты", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары киножұлдызды құттықтап, ол үшін аса қуанышты екенін жеткізді.

"Құтты болсын. Өз жұмысыңыздың жемісін көре беріңіз", "Бұл адал әрі ерен еңбектің арқасында келіп жатқан дүние. Жарайсыз", "Көптеген жігітке үлгісіз", "Құттықтаймыз. Сізді мақтан тұтамыз", - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Тәуекел Мүсілімнің отбасымен Түркияда демалып жатқанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1974773-akter-tauekel-musilim-turkiyadan-pater-satyp-aldy-foto/

pixel