Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шыдамым таусылды": Жанель Мақажан бірінші күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты

Опубликовано:

Жанель Мақажан
Фото: Instagram/janellemakajan

Актриса Жанель Мақажан бірінші некесі не себепті сәтсіз аяқталғанын ашып айтып берді. Өнер иесі шаңырағының шайқалуына ата-енесінің араға түсуі себеп болғанын жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жанель Мақажан бірінші күйеуімен ажырасуының басты себебін атап, жан сырын ақтарды.

Сөзінше, ол өз таңдауын жасап, кетіп қалғанына еш өкінбейді.

"Менің шыдамымның таусылғаны, күйеуімнің бостығы мен ата-ене. Бірінші тұрмыста туған енемді көрген емеспін. Бірақ жиі түсіме кіріп, басымнан сипайтын. Көзі жасқа толып, мені құшағына басатын. Өңімдегі ене мейірімге мүлдем сай келмейтін. Жалпы біздің менталитетте келін дегенді адам емес, күң секілді көргісі келетін қаншама ата-ене бар. Өз отбасына жауап бере алмайтын қаншама азаматтар бар.

Жанель Мақажанның Stories-i
Скриншот: Instagram/janellemakajan

Мен сияқты шыдамы таусылып, күң емес, күн екенін түсініп кеткен қаншама қыз-келіншектер бар. Жас отбасының өміріне туыстары араласпаса, қаншама жанұя ажыраспаутын еді. Бірақ, мен өз таңдауымды жасап, кеткеніме еш өкінбеймін", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Жанель Мақажан өзінен сегіз жас кіші күйеуінің отбасы оны қалай қабылдағанын еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1974964-sydamym-tausyldy-zanel-maqazan-birinsi-kuieuimen-ne-sebepti-azyrasqanyn-aitty/

pixel