Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қажы еді": Мөлдір Әуелбекова екінші некесінің сәтсіз аяқталуына не себеп болғанын айтты

Опубликовано:

Мөлдір Әуелбекова
Фото: Instagram/moldir.auyelbekova

Әнші Мөлдір Әуелбекова сәтсіз аяқталған екінші некесі туралы бар шындықты айтты. Өнер иесі күйеуі екеуінің ажырасуына не себеп болғанын түсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мөлдір Әуелбекоа Instagram желісінде сұрақ-жауап ашып, өткен өмірі жайлы жан сырын ақтарды. Ол екінші күйеуімен не үшін ажырасқанын ашық айтты.

Өнер иесі енді өзі үшін өмірлік серігінің намазхан болуы маңызды емес екенін жеткізді.

"Бірінші жолдасым намазхан емес еді. Ол адамда бәрі керісінше болды. Екінші жолдасым намазхан, тіпті ұмраға 7-8 рет барған. Одан бөлек үлкен қажылығын өтеп келген "қажы" еді. Бірақ "күндіз имам, түнде Иван" екенін көрсетті. Сол себепті имам болу немесе қажы, намазхан болу мен үшін енді мәртебе емес" , - деп жазды ол.

Мөлдір Әуелбекованың Stories-і
Скриншот: Instagram/moldir.auyelbekova

Айта кетейік, бұған дейін актриса Жанель Мақажан да бірінші некесінің сәтсіз аяқталуына не себеп болғанын ашып айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1974995-qazy-edi-moldir-auelbekova-ekinsi-nekesinin-satsiz-ayaqtaluyna-ne-sebep-bolganyn-aitty/

pixel