"Өзімді жоғалтып алдым": Рано Умарова жолдасымен ажырасу өміріне қалай әсер еткенін айтты
Жарияланған күні:
Әнші әрі актриса Рано Умарова ажырасудан кейінгі жағдайын бөлісіп, өзге аруларға келелі кеңесін айтты. Өнер иесі күйеуімен айырылысқан соң өзі де не істерін білмегенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Рано Умаровоа жан сырын Instagram парақшасында ақтарды. Ол ажырасудан кейін қайғыруға көп уақыт кетірмей, барынша өзіне көңіл бөлу керектігін айтты.
"Ол тақырыпқа ұзақ уақыт бойы тоқтап, өзіңізді аяп, кінәлі адамды іздеп, көп уақыт жоғалтуға болады. Қазір уақыт тез өтеді. Бір күн үш күнге татиды. Сондықтан ол уақытты өзіңізге арнағаныңыз дұрыс. Мен сізді жақсы түсінемін. Мені бұрыннан оқитын болсаңыз, менің де ажырасқанымды білесіз. Мен де өзімді жоғалтып алдым.
Әрі қарай қалай қарай бағыт алатынымды, жалпы не істерімді білмедім. Жалғыз қалғандай, алдымда бірнеше жол тұр, бірақ оның қайсысына барғаным дұрыс екені белгісіз.
Бәріміз кереметпіз. Бізде жасырын таланттар көп, тек өзіңе уақыт пен көңіл бөлу керек. Сонда сізге не керек, нені қалайсыз, соны түсіне аласыз. Бірақ қайғыру керек болса, өзіңізге "дедлайн" белгілеңіз. Мысалы, "мен бір ай жылап, қайғырамын" деңіз. Осы уақыт ішінде барлық көз жасыңызды шығарып, кейін алға қарай жылжу қажет", – деді Рано Омарова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1975332-ozimdi-zogaltyp-aldym-rano-umarova-zoldasymen-azyrasu-omirine-qalai-aser-etkenin-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.