Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Юрий Шатунов өмірден өтті

Жарияланған күні:

Юра Шатунов. Фото
Юра Шатунов. Фото: instagram.com/yuriy_shatunov

Ресейлік танымал әнші, "Ласковый май" тобының солисі Юрий Шатунов 48 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Lenta.ru.

Бұл туралы басылымға бүгін, 23 маусымда өнер иесінің директоры Аркадий Кудряшов хабарлаған.

Әншінің қайтыс болғанын медицина саласындағы екі дереккөз де растаған.

Басылымның жазуынша, әнші түнде инфаркттан жедел жәрдем көлігінде көз жұмған.

"112" Telegram каналаның хабарлауынша, кеше әнші өзінің менеджерімен Мәскеу түбінде демалып жүрген. Кенет ол өзін жайсыз сезініп, жедел жәрдем шақыртқан. Алайда өнер иесі ауруханаға бара жатқан жолда қайтыс болған.

Айта кетейік, Юрий Шатунов 1973 жылы Башқұртстанда дүниеге келген. Үш жасында ата-анасы ажырасып кеткен. Ал 11 жасында анасы өмірден өткен.

Болашақ әншінің жасөспірім шағы балалар үйінде өткен. Бір күні ол сол жерде көркемөнер үйірмесінің жетекшісі Сергей Кузнецовпен танысқан. Осы уақыттан бастап Шатунов өнер жолына қадам басқан және әйгілі "Ласковый май" тобының тарихы да осы тұстан бастау алады.

Юрий Шатунов топтың солисі ретінде ел арасында аса танымал болды.

Оның орындауындағы "Белые розы", "Лето", "Пусть будет ночь", "Седая ночь", "Ну, что же ты…", "Тающий снег" әндері әлі күнге дейін халықтың жадында.

Еске сала кетсек, бұған дейін ресейлік тағы бір танымал әнші Пьер Нарцисс 45 жасында өмірден озған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1975394-ansi-yurii-satunov-qaitys-boldy/