Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Не деген медбике": Әнші Ерке Есмахан танымал қазақ сериалына түсуде (видео)

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Фото: Instagram/erke_esmahan

Әнші Ерке Есмахан актрисалыққа бет бұрды. Өнер иесі танымал қазақ сериалына түсіп жатыр. Бұл туралы әртіс өзінің Instagram парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ерке Есмахан қалың көпшілік арасында кеңінен таралып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленген "Келінжан" телехикаясына түспек.

Эстрада жұлдызы түсірілім алаңына барып, жұмысын бастап кетті. Желіде жарияланған видеолардан әншінің бұл сериалда медбикенің рөлін сомдайтынын көруге болады.

Айта кетерлігі, аталмыш сериалдың түсірілімі Алматы маңындағы Аққайнар ауылында өтіп жатыр.

Өнер иесі бұған дейін "Махаббат кафесі" фильмін түсіріп, онда басты рөлдердің бірін сомдаған

Еске сала кетейік бұған дейін Ерке Есмахан желіде жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берген болатын. Ол тағы да тұрмысқа шығуға қатысты пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1975399-ne-degen-medbike-ansi-erke-esmaxan-tanymal-qazaq-serialyna-tusude-video/

pixel