Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзім үшін": Батырхан Мәліков пластикалық ота жасатқанын жасырмады

Опубликовано:

Батырхан Мәліков
Видеодан кадр: Youtube/Timur Balymbetov

Ninety One мүшесі Батырхан Мәліков ауқымды сұхбат беріп, өзінің бет-әлпетін өзгерткенін жасырмады. Топ әншісі өзін іштей жайсыз сезінген соң, пластикалық ота жасатуды шешкен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Батырхан Мәліков өзі туралы тың мәліметті Тимур Балымбетовке берген сұхбатында айтып берді. Сонымен бірге ол сұхбат барысында өзінің есейіп келе жатқанын жасырмады.

"Өзімнің есеюіме қатысты ой мені мазаламайды. Бәрі өз уақытымен болып жатыр. Мен бес-алты жыл бұрын сахнада жасаған нәрсемді, сөйлеген сөзімді қазір айта алмаймын. Кейде ол маған жараспайтын сияқты көрінеді. Көбіне өзімді салмақты ұстап жүремін. Қалауым басқа. Табиғатым да. Меніңше, Ninety One бір образда қалып қалмайды. Біз қалай өсіп келе жатсақ, жанкүйерлеріміз де бізбен бірге өсіп келе жатыр.

Мен көзімді жасаттым. Бұл өзімді іштей жайсы сезінуіме байланысты болды. Бір көзімнің қабағы салбырап тұратын. Бала кезімнен сондай. Оны бір рет жасатқанмын, кейін ісіп кете беретін болды. Сол менің өзіме деген сенімділігіме әсер ете бастады. Кейін ақыры жасатып тастадым. Содан соң қалпына келді. Бұл сахна үшін емес, өзім үшін жасалған дүние болды", - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Батырхан Мәліков жеке өміріне қатысты құпиясын ашып, өзінің үйленгенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1975530-ozim-usin-batyrxan-malikov-plastikalyq-ota-zasatqanyn-zasyrmady/

pixel