Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аяғым ауыр екен": Жұлдыз Әбдікәрімова өзіне қатысты қауесетке пікір білдірді

Опубликовано:

Жұлдыз Әбдікәрімова
Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде өзіне қатысты тарап жатқан қауесетке пікір білдірді. Өнер иесі халықтың арқасында өзі жайлы түрлі ақпарат біліп жатқанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желілерде тарап жатқан түрлі қауесеттерге пікір білдірді. Оқырманының бірі оған желіде "сіздің аяғыңыз ауыр" деп кесіп айтқан. Мұндай "ерекше" хатты оқыған Әбдікәрімова таңғалысын жасырмай, өзінің пікірін әзілмен жеткізді.

"Өзім туралы білмейтінімді сіздерден естимін, әйтеуір. Психологтар "Өзіңді таны" деп жатады ғой, құдайға шүкір, сіздер таныстырып жүрсіздер өзімді өзіме. "Аяғым ауыр" екен", - деп күліп жазды актриса Instagram парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Жұлдыз Әбдікрәмованың видеосы желіде қызу талқыға қалған болатын. Өнер иесі онда тұрмыста емес екенін айтып қалған еді.

Оған қоса Әбдікәрмова мен Қайрат Нұртас қызының мектеп бітіру кешіне бірге барды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1975971-ayagym-auyr-eken-zuldyz-abdikarimova-ozine-qatysty-qauesetke-pikir-bildirdi/

pixel