Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қасыма алып жүретінмін": Жанар Айжанова өзінен айнымайтын сіңлісін көрсетті (видео)

Опубликовано:

Жанар Айжанова
Фото: Instagram/zhanar_aizhanova

Әнші әрі актриса Жанар Айжанова желіде туған әпкесінің қызын көрсетіп, қалың көпшілікті қатты таңғалдырды. Желі қолданушылары әртіс пен сіңлісінің түрі де, дауысы да қатты ұқсайтындарын айтуда, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жанар Айжанова аталмыш видеоны Instagram парақшасында бөліскен. Ол оқырмандарына өзінен айнымайтын сіңлісін көрсетіп, ол туралы қысқаша мәлімет берген. Өнер иесі кезінде оны өз концерттеріне бірге алып жүргенін айтты.

Бейнежазбада сіңлісінің тойда ән салып тұрғанын көруге болады.

"Бұл менің ең үлкен апайым Алмагүлдің қызы - Лаура. Анасының туған күніне арнап ән айтып тұр. Өзі үші баланың анасы. Мамандығы басқа салада, жас кезінде Ақтөбені аралап концерт берген кезде қасыма алып жүретінмін. Ал енді айтыңыздар, маған Лаура қатты ұқсайды ма? Әлде Айжұлдыз көбірек ұқсайды ма", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары әнші мен сіңлісінің өзара ұқсастығына қатты таңғалған.

"Сіздің жас кезіңіз ба деп қалдық", "Сізге қатты ұқсайды екен", "Дәл сіз ғой. Түрі де, дауысы да", "Сіздің жас кезіңізге қатты ұқсайды", "Айжұлдыз бәрібір сіздің көшірмеңіз ғой", "Өз қызыңыз көбірек ұқсайтын сияқты", "Қызыңыздың түрі сізге көбірек келеді. Ал сіңліңіздің дауысы көбірек ұқсайды", - деп жазуа көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін әнші Динара Сұлтан өзінің туған сіңілдерін көрсеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1976878-qasyma-alyp-zuretinmin-zanar-aizanova-ozinen-ainymaityn-sinlisin-korsetti-video/

pixel