Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Гүл көлігім": Гүлзира Айдарбекова темір тұлпарын көрсетті (видео)

Опубликовано:

Гүлзира Айдарбекова
Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова қалың көпшілікке өз көлігін көрсетті. Қайрат Нұртастың анасы желіде ақ түсті темір тұлпарының видеосын жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Гүлзира Айдарбекова өз көлігін Instagram парақшасында көрсеткен. Оның таңдауы Lexus RX көлігіне түскен.

Белгілі продюсер өз автосымен ұзақ сапарларға да шығып жүргенін айтты. Ол жақында Шымкент қаласына жақындарының қуанышына арнайы барып қайтқан.

"Шымқалаға барып, 5-6 күнде тойларға да кіріп, бір жағы жақсы демалып, гүл көлігіммен гүл болып, барып қайттық. Өз жеріміздегі біраз демалыс орындарын көріп, таңдандық. Келесі жазбаларыма монтаждап салатын боламын. Бізді құрметтеп, күтіп жіберген іні-сіңілі, достарымызға алғысымыз шексіз.

Күннің жылысында, жан-жағымыздағы адамдардың да жылылығын сезініп, керемет көңіл-күйде болдық. Сіздерге де Алла жақсы күндерді, жақсы жандармен өткізуді жазсын", - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Нұртастың су жаңа көлік сатып алғанын жазған болатынбыз. Өнер иесі оны барша оқырмандарына көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1977093-gul-koligim-gulzira-aidarbekova-temir-tulparyn-korsetti-video/

pixel