"Бөлек тұруы керек болған": Айдарбекова балаларымен демалысқа барғаны үшін сынға қалды
Жарияланған күні:
Гүлзира Айдарбекова ұл-келіндерімен бірге демалысқа жиі баратын болғаны үшін желіде көпшіліктің сынына ұшырады. Оқырмандар оны "жастардың қасынан қалмайды" деп сөгуде. Бұл тұрғыда белгілі продюсер өзін негізсіз сынап жатқандарға жауап беруді жөн көрген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Айдарбекова өзін сынға алғандарға Instagram парақшасында жауап берді. Сөзінше, өзін демалысқа алып бару - балаларының қалауы.
Бүгінде продюсер кенже баласы Заңғар мен оның келіншегімен бірге тұрып жатыр. Бастапқыда жас жұбайлар елордада өздері бөлек тұруы керек болған. Алайда өз қалауымен ата-анасының қасына келіп алған.
"Жақында Аян мен Айгерамның мені демалдырғылары келіп, хабарласқанын жазып едім, бірі "иә, еңбектің зейнеті деген осы, жарқырап жүре беріңіз" деп жатса, бірі "артықсыз, жастар өздері барсын, бармаңыз" деп, өзара айтысып кетті. Соған байланысты қызық болсын деп, осылай түсіріп сіздерге жолдап, бір күліп алсын дедік.
Негізі Заңғар мен Жібек бөлек тұруы керек болған Астанада. "Жұмақ ананың табанының астында, анашым біз сізді алақанымызға салып, қас-қабағыңызға қараймыз" деп жаныма келіп алды.
"Анашым, керемет жер екен, барып қыдырып қайтайық" дейді екеуі кейде қиылып, "жоқ мен келесі жолы барамын, өздерің барып қайтыңдар" десем, "онда біз де сол сіз барған кезде барармыз" деп бармай қалып жатады. Сіздер қалай ойлайсыздар, жалпы бүкіл келіндердің проблемасы енесі ме?", - деп жазды ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1979079-bolek-turuy-kerek-bolgan-aidarbekova-balalarymen-demalysqa-bargany-usin-synga-qaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.