"Таныстың қажеті жоқ": Берік Айтжанов актер болу үшін не істеу керек екенін айтты
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал актер Берік Айтжанов оқырмандарымен тілдесіп, оларға өз келелі кеңесін берді. Өнер иесі кино мен театрды бағындыратын мықты актер болу үшін не керек екенін айтты. Сөзінше, ол үшін ешқандай да таныстың қажеті жоқ, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Берік Айтжанов бүгінде жастар арасында актерлікке қатысты қате пікір қалыптасқанын қадап айтты. Оның айтуынша, бұл салада жетістікке жету үшін таныстарды қосудың қажеті мүлдем жоқ. Ол бәрі әркімнің өз қолында екенін жеткізді.
Актер бүгінгі технологиялар заманында кез келген адам өз өнерін паш ете алатынын алға тартты. Алайда ол үшін таланттың бір өзі аздық етеді дейді ол. fдам көп еңбектенсе ғана нәтиже шығарады, деп тұжырымдайды актер.
"Таныс жоқ" деген сөз меніңше жалқаудың сылтауы. Мысал ретінде өзім еңбек етіп жүрген саланы алайық. Актер болғысы келетін адам, не істеу керек? Ұялы телефон қазір бәрінде бар. Кез келген кинодан, ұнайтын бір сахнаны таңдап өзіңді видеоға түсіріп интернетке жүктесең еңбегіңді көретін де, бағалайтын да адам табылады!
Бұл әншілікке де қатысты. Өнерің көңілден шығып жатса, ұсыныс та табылады және бұған ешқандай "таныстың" керегі жоқ. Бірақ таланттың өзі жеткіліксіз.
Еңбек, еңбек, еңбек, мақсат және ізденіс қажет", - деп жазды ол Instagram парақшасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1979083-tanystyn-qazeti-zoq-berik-aitzanov-akter-bolu-usin-ne-isteu-kerek-ekenin-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.