"Қуанышымда шек жоқ": Мөлдір Әуелбекованың ата-анасы қажы атанды (видео)
Жарияланған күні:
Әнші Мөлдір Әуелбекова ата-анасы мұсылмандық парызын өтеп, үлкен қажылыққа барып келді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Мөлдір Әуелбекова ата-анасының қажылығы өтелгеніне аса қатты қуанып, өз әсерін Instagram парақшасында көрсетті.
Әнші оларды қасиетті мекеннен күтіп алған видеосын жариялаған. Онда әртістің ата-анасын әуежайда қарсы алып, құшағына басып жатқанын көруге болады.
"Ата-анам оралды. Шүкір. Қуанышымда шек жоқ. Әр қазағыма бұйырсын! Әмин. Ата-анамның 5-парызы үлкен қажылықтары өтеліп, қажы атанды! Алла қабыл етсін", - деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін Мөлдір Әуелбекованың ата-анасына ерекше сыйлық жасағанын жазған болатынбыз. Эстрада жұлдызы өзін өмірге алып келген жандардың асқақ арманын орынжап, оларға үлкен қажылыққа жолдама тарту еткен еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1979149-quanysymda-sek-zoq-moldir-auelbekovanyn-ata-anasy-qazy-atandy-video/