Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әбден жыладық": Әуелбекова ата-анасына үлкен қажылыққа жолдама сыйлады (видео)

Опубликовано:

Мөлдір Әуелбекова
Фото: Instagram/moldir.auyelbekova

Әнші Мөлдір Әуелбекова ата-анасына ерекше сый жасап, оларды қатты қуантты. Өнер иесі өзіне өмір сыйлаған жандардың асқақ арманын орындап, үлкен қажылыққа жолдама тарту еткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл қуанышты жаңалығымен әртістің өзі Instagram парақшасында бөліскен. Ол ата-анасына тосынсый жасағанын сәтін көпшілікке көрсетті. Бейнежазбада Әуелбекованың ата-анасымен кездесіп, оларға жолдамаларын тарту етіп жатқанын көруге болады.

Жұлдызды жанұя мүшелері көз жасын тыя алмай, қыздарын құшағына басқан.

"Әбден жыладық. Ата - анамыздың жетістігі - бізбіз. Біздің жетістігіміз ата-анамыздың ризашылығы! Әке-шешеміз үшін қауқарымыз жететін барлық жақсылықты істеуге талпынайық! Көп көңіл бөлейік! Қуантайық! Құшақтайық! Еркелетейік! Менің ата-анам Аллаға шүкір қажылар. Екі рет умра қажылыққа барып сүннен амалдарын орындап келген. Есесіне, умраларынан кейін екеуінің арманы үлкен қажылық болатын. Бүгін міне, Алланның қалауымен асылдарымызға бала-шағаларының атынан кезекті үлкен сый жасадық. 5 парыздың бірі - үлкен қажылыққа жолдама! Қуанышымызда шек жоқ! Осы күнді нәсіп еткен Аллаға сансыз шүкір", - деп жазды өнер иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1973759-abden-zyladyq-auelbekova-ata-anasyna-ulken-qazylyqqa-zoldama-syilady-video/

pixel