Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкең екеуіміз әрқашан қолдаймыз": Айгүл Иманбаева оқу бітірген ұлына ақ тілегін білдірді

Опубликовано:

Сәбит Әбдіхалықов пен Айгүл Иманбаева ұлымен
Фото: Instagram/aigul_imanbayeva

Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева желіде ұлына жазба арнап, оны жоғары оқу орнын бітіруімен ерекше құттықтады. Өнер иесі баласының әрбір жетістігін мақтан тұтатынын айтып, әкесімен бірге оған әрқашан қолдау көрсететінін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айгүл Иманбаева жалғыз перзентіне арнаған жазбасын Instagram парақшасында бөлісті. Эстрада жұлдызы ұлын оқу бітіруімен және тағы бір тырнақалды туындысының жарыққа шығуымен құттықтады. Жұлдызды ана баласына ақ тілегін жолдады.

"Балам Асылжанның тағы бір тырнақ алды жұмысының бірі "Қызыл алма"қысқа метрлі киносының жарыққа шығуымен шын жүрегуммен құттықтаймын құлыным! Және Қазақстанда алған екінші жоғарғы дипломың құтты болсын! Кино саласы оңай жол емес. Сол жолда тек қана сәттілік сергігің, ниетің жолдасың болып, жолың ақ болсын! Енді алдыңда үлкен шығармашылық жұмыс күтіп тұр. Соның бәріне жаратушы Аллам сәтін салсын балам. Аллаға сансыз алғыс. Мен де, әкең де білесің тек сенің осы аламан бәйгеде оза шабуыңа қолымыздан келген қолдауды білдіреміз! Барлық ұстаздарыңа рахмет! Папаңа рахмет", - деп жазды ол.

Айта кетейік, Айгүл Иманбаева мен Сәбит Әбдіхалықовтың ұлы биыл өнер академиясын тәмамдап, екінші дипломын алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1979512-aken-ekeuimiz-arqasan-qoldaimyz-aigul-imanbaeva-oqu-bitirgen-ulyna-aq-tilegin-bildirdi/

pixel