Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алла жолыңды ашсын": Сәбит Әбдіхалықовтың тұңғышы диплом алды (фото)

Опубликовано:

Сәбит Әбдіхалықов ұлымен
Фото: Instagram/sabit_abdykalykov

Актер Сәбит Әбдіхалықов пен әнші Айгүл Иманбаеваның ұлы ЖОО-ны аяқтап, бір мамандықтың иесі атанды. Асылжан Әбдімүтәлиев өнер академиясында режиссер мамандығын меңгеріп шығып, дипломын қолына алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл жаңалықты Асылжанның әкесі Instagram парақшасында бөлісті. Сәбит Әбдіхалықов ұлына диплом табыстау рәсіміне қатысып, оны алғашқылардың бірі болып құттықтаған.

Ол ұлымен бірге түскен суретін жариялап, оған әкелік тілегін жолдады.

"Балам, диплом қүтты болсын! Кино режиссері өте қиын мамандық. Биік белестерді бағындыратыныңа сенемін. Алла жолыңды ашсын. Ұлы қазақ халқына қызмет жаса", - деп жазды ол.

Иманбаева аталмыш жазбаның астына өз жылы лебізін білдіріп өткен.

"Балаңның дипломы құтты болсын. Жемісін көре берейік", - деп жазды актриса.

Айта кетерлігі, Айгүл Иманбаева перзентінің диплом алуына қатыса алмаған көрінеді. Өнер иесі Ресейге жұмыс бабымен кетсе керек. Ол желіде Мәскеуде өтіп жатқан түсірілімнен фото жариялап қойған.

Қоса кетейік, бұл Асылжан Әбдімүтәлиевтің екінші дипломы. Бұған дейін Сәбит Әбдіхалықовтың ұлы шетел университеттерінің бірінде білім алған еді.

Оған қоса биыл ЖОО-ны бітіргендер арасында Роза Рымбаеваның да ұлы бар. Мәди Рымбаев та өнер академиясын тәмамдап, дипломын қолына алғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1976382-alla-zolyndy-assyn-sabit-abdixalyqovtyn-tungysy-diplom-aldy-foto/

pixel