Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қуыршақ": Жаңа образдағы Ақбота Сейітмағамбет ел назарын өзіне аударды (видео)

Опубликовано:

Ақбота Сейітмағамбет
Фото: Instagram/akbotanurabaykyzy

Әнші әрі актриса Ақбота Сейітмағамбет желіде жаңа образын паш етіп, көпшілік назарын өзіне аударды. Желі қолданушылары өнер иесіне тәнті болып, оған жылы лебізін білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақбота Сейітмағамбет Instagram парақшасында жаңа видеоны бөлісіп, жанкүйерлерін қуантты. Онда әнші арудың жылтыр көйлекпен көшеде серуендеп келе жатқанын көруге болады.

Желі қолданушылары актрисаның ерекше образына тәнті болып, оған ыстық ықыласын білдірді. Қалың көпшілік екі баланың анасын ертегі кейіпкеріне ұқсатуда.

"Тірі қуыршақ секілді", "Ертегідегі ханшайым", "Қандай сұлусыз, көз тоймайды", "Нағыз қазақи сұлулықтың символы", "Недеген көріктісіз", "Күлшеқыз", "Екі баланың анасы деп кім айтады? Өте әдемісіз Ақбота", "Мінсіз ару", - деп жазуда оқырмандар.

Айта кетейік, бұған дейін актриса Анар Батырхан желіде ұлттық образдағы фотосессиясын жариялап, елді тәнті еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1980653-quyrsaq-zana-obrazdagy-aqbota-seiitmagambet-el-nazaryn-ozine-audardy-video/

pixel