Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық киімдегі Анар Батырхан елдің ыстық ықыласына ие болды (фото)

Опубликовано:

Анар Батырхан
Фото: Instagram/anarabatyrkhan

Отандық танымал актриса әрі тележүргізуші Анар Батырхан желіде ұлттық нақыштағы фотосессиясын жариялап, ел назарын өзіне аударды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Анар Батырхан ерекше фотосессиясын Instagram парақшасында бөліскен. Онда актрисаның ұлттық киім киіп алғанын көруге болады.

Өнер иесінің қазақи нақыштағы образы көпшілік көңілінен шығып, сансыз лүпілдерге ие болды. Оқырмандар тележүргізушіге тәнті болып, оған қазақ көйлек қатты жарасатынын жазуда.

"Қазақтың қыздары әдемі, өте сұлу", "Ұлттық киім қатты жарасады екен", "Қандай әдемі. Қазақ қыздарына жетер ешкім жоқ", "Көрікті әрі қылықты сылқым", "Алла бағыңды ашсын. Өзіңе сондай жарасып тұр", "Қазіргі заманның Қыз-Жібегі", "Ханшайым", "Негізі біздің ұлттық киім өте әдемі ғой. Кім кисе де жараса кетеді", - деп жазуда олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1980052-ulttyq-kiimdegi-anar-batyrxan-eldin-ystyq-yqylasyna-ie-boldy-foto/

pixel