Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өмір тақтадай түзу болмайды": Меруерт Түсіпбаева желіде әсерлі жазба жариялады

Опубликовано:

Меруерт Түсіпбаева
Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva

Әнші Меруерт Түсіпбаева желіде жаңа жазба жариялап, елді ойландырып қойды. Өнер иесі онда өзінің өмір жайлы ой-толғауын бөлісіп, жан сырын ақтарған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Түсіпбаева әсерлі жазбасын Instagram парақшасында бөліскен. Эстрада жұлдызы өмірге деген қазіргі көзқарасы қандай екенін айтып берді.

"Кейде барлық әлуметтік желіні жылы жауып, жасырынып кетсем деген де ойлар болады. Бірақ той-томалақта кездескенде немесе жекеге жазып, менің жазбаларымды арнайы іздеп, оқимыз дейтін оқырманымнан ұят болады-ау деп тоқтаймын. Өмір, менің пайымдауымша, тақтайдай түзу болмайды. Өмір ақ пен қара жолақтардан тұрады. Өмір- кездейсоқ кездесулермен, өшпес із қалдыратын адамдарға толы болады екен. Біраз уақыттан бері, мен қайырлысы деген сөзді көп қолданатын болдым. Ең алғаш, баламның аузынан естіп едім. Иә қайырлысы. Бұл бір-ақ ауыз сөздің мағынасында қанша ой-философия жатыр десеңізші", - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Меруерт Түсіпбаеваның отбасында қайғылы жағдай орын алғанын хабарлаған болатынбыз. Өнер иесінің тәтесі өмірден өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1981111-omir-taqtadai-tuzu-bolmaidy-meruert-tusipbaeva-zelide-aserli-zazba-zariyalady/

pixel