Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мақпал Исабекова: Ұлымызда алты ұлттың қаны бар

Опубликовано:

Мақпал
Фото: Instagram/makosyai

Әнші Мақпал Исабекова әлеуметтік желіде күйеуі мен ұлының ұлтына қатысты оқырмандарынан келіп түскен сұраққа жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әншіден Instagram-дағы оқырманы күйеуінің ұлтын сұраған.

Мақпал Исабекова бұл сауалға тікелей жауап берген жоқ.

cұрақ
Скриншот: Instagram/Story/makosyai

"Біздің ұлымызда алты ұлттың қаны бар, оның екеуі менің тегім арқылы берілген. Ал күйеуімнің тегінде төрт ұлттың қаны бар. Бұл сондай маңызды нәрсе ме?", - деп жазды әнші.

Сондай-ақ әнші күйеуінің шетелдік азамат емес екенін атап өткен.

Мақпал
Скриншот: Instagram/makosyai

Еске сала кетсек, бұған дейін Мақпал Исабекова ұлын қырқыннан шығару кезінде көзіне жас алғанын жазған болатынбыз.

Жас ата-ананың ұйымдастыруымен өткен отбасылық шарада олардың ет-жақындары мен жан достары бас қосқан. Жұлдызды меймандар қатарында Батыр Байназаоров пен Әсел Жамақаева, Гүлназ Жоланова, Луина, Рано Умарова және тағы да басқалары болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1982184-maqpal-isabekova-ulymyzda-alty-ulttyn-qany-bar/

pixel