jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айтолқын Адырбай
Қазақ редакциясының шеф-редакторы

Қазақстандық жас жігіт ауылдан шыққан спортшы балаларды өз қаржысына оқытып жүр

Доп теуіп, ойнап жүрген балалар
Доп теуіп, ойнап жүрген балалар. Фото: Tom Merton/iStock /Getty Images Plus

Қазақстандық жас кәсіпкер Нұрасыл Медеу ауылдан шыққан дарынды спортшыларға өз қаражаты есебінен грант бөліп, дамуына мүмкіндік беріп жүр, деп хабарлайды Qazsport арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Нұрасыл Медеу - Қазақ ұлттық спорт университетінің құрылтайшысы. Ол Qazsport арнасына берген сұхбатында ауылдан шыққан дарынды спортшыларға қолдау көрсетіп, олардың дамуына жол ашып жүргенін айтты.

"Бұл менің ауылдан, Қазақстан өңірлерінен шыққан, сапалы білім алуға ұмтылған балаларға арналған жеке грантым.

Грант оқу ақысын, жатын орнын, шәкіртақыны, жолақысын қамтиды. Балаларды іріктейміз, іріктеу кезінде спорттағы жетістіктері маңызды, ұмтылысы, дамуға деген құлшынысына қараймыз. Мақсатымыз - дарынды балаларға өзін көрсетуге мүмкіндік беру.

Тәжірибе алып, табысты болашақ қалайтындарға мән береміз. Жастарға сенемін, сондықтан олардың потенциалы нәтижеге айналғанын қалаймын", - деді ол.

Қазақстандық жас жігіт ауылдан шыққан спортшы балаларды өз қаржысына оқытып жүр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram