jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Белгілі күйші өмірден өтті

    күйші
    Мұқаш Таңғытұлы. Фото: Baq.kz

    Белгілі күйші, Іле, Алтай, Тарбағатай күйшілік мектебінің белді өкілі, Шығыстың шертпе-төкпе күйлерін жалғастырушы, күй зерттеушісі Мұқаш Таңғытұлы өмірден өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

    Мұқаш Таңғытұлы 12 тамыз күні Алматыда ауыр сырқаттан қайтыс болды.

    Ол 1962 жылы 15 желтоқсанда Қытай Халық Республикасының Шынжаң өлкесі, Тарбағатай аймағында өмір есігін ашқан. 

    Өнер иесі 1981 жылы Үрімжі Қаржы институтына оқуға түсіп, 1985 жылы аяқтаған. Содан 2003 жылға дейін банк саласында қызмет еткен.

    2003 жылы Қазақстанға қоныс аударған.

    Елімізге келгенне бері Шығыстың шертпе-төкпе күйлерінің  халық қазынасына қосылуына көптеген еңбегін сіңірді.

    Аталған күйшілік мектеп туралы бірнеше зерттеу кітабының авторы, "Халық күйшісі" төсбелгісінің иегері, Халықаралық күйшілер одағының мүшесі, "Шығыс шертпесі" ансамбльінің негізін қалаушы.

    Белгілі күйші өмірден өтті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.