jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Арман Дәулетияров марқұм анасының үйінен мешіт жасамақ

    Арман Дәулетияров
    Фото: Instagram/arman_dav

    Ресейлік медиаменеджер, "Муз-ТВ" арнасының бұрынғы басшысы Арман Дәулетияров марқұм анасының үйін мешіт ретінде көпшілікке пайдалануға берді. Аталған шаңырақ жанынан балаларға исламның негіздерін үйрететін медресе де ашылмақ, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Арман Дәулетияров аталмыш үйде анасы бақытты шақтарын өткізгенін алға тартты.

    "Бұл біздің әулетіміздің үйі десем де болады. Мен осы аулада туып өстім. Бұрынғы үйді бұзып, анама жаңа үй көтеріп бердім. Ішінде барлық жағдай жасалған. Монша мен жазғы асхана да бар. Бұл үйде ол өмірінің соңғы жылдарын өткізді.

    Бұл үйді мен біздің аудандағы мұсылмандар діни басқармасына бердім. Бұл үй енді Айман Дәулетиярова атындағы мешітке айналады. Кез келген жан мында келіп, дұға ете алады. Оған қоса мешітте балаларды Құран мен ислам негіздеріне үйрететін болады. Біздің ауылда, тіпті көршілес елді-мекендерде де мешіт жоқ", - деді ол.

    Продюсердің айтуынша, бұл шешімді ол анасы тірі кезінде онымен ақылдаса отырып қабылдаған.

    "Бақытты шақтарым өткен үйдің менен кейін адамдарға игі қызмет ететіні өте жақсы шешім" деді анам көзіне жас алып. Анамның қазасынан кейін бір жыл өткен соң мешіттің есіктері ашық болады. Мен өз отбасыммен де бұл мешітке келіп тұратын боламын. Осы маңда болсаңыздар, келіп тұрыңыздар. Орынбор облысы, Соль-Илецкий ауданы, Тамаруткуль ауылы", - деп жазды Дәулетияров.

    Айта кетейік, Арман Дәулетияровтың анасы осы жылдың шілде айында өмірден өткен болатын. Қаралы хабарды медиаменеджердің өзі жеткізді.

    Арман Дәулетияров марқұм анасының үйінен мешіт жасамақ

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.