Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Келісімімді бердім": Төреғалидің қарындасына сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасады (видео)

Опубликовано:

Дина Әлиханқызы
Фото: Instagram/tattti_kyz

"Ұлы дала баласы" Төреғали Төреәлінің екінші қарындасы жақында тұрмысқа шықпақ. Күні кеше Дина Әлиханқызына сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасап, оның келісімін алған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл қуанышты жаңалықты Дина Әлиханқызының өзі Instagram парақшасында жария етті. Ол естен кетпес күннің фото және видеосын бөлісіп, оны көпшілік назарына ұсынған.

Бойжеткеннің сүйіктісі үйленуге ұсынысты футбол алаңында жасаған. Ол алаңды шарлармен безендіріп, ғашығына үлкен гүл шоғын тарту еткен. Артынан сөз салып, сақинасын ұсынған. Динаның "иә" деген жауабынан кейін от-шашулар жағылды.

Төреғалидің қарындасы бәрі өзі ойлағандай өткенін айтты.

Желі қолданушылары жастар үшін қуанып, оларға өз ақ тілегін жолдады.

Алайда арудың таңдауы кімге түскені әзірге белгісіз. Ол сүйіктісіне қатысты ешқандай ақпарат берген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1986167-kelisimimdi-berdim-toregalidin-qaryndasyna-suiiktisi-uilenuge-usynys-zasady-video/

pixel