"Армандаған жоқпын": Махаббат Мүсілім күйеуінің танымалдылығына қатысты пікір білдірді
Опубликовано:

Актер Тәуекел Мүсілімнің келіншегі күйеуінің танымалдылығына қатысты өз пікірін айтты. Махаббат Мүсілім жолдасының жұлдыз болғанын армандамағанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Тәуекел Мүсілімнің әйелі студент кезінде өзі де танымал болғысы келгенін жасырмады. Алайда әйгілі адамға тұрмысқа шығу ойы мүлдем болмаған.
"Дүйім жұртқа әйгілі болуды қалағам жоқ. Студент кезде танымал болғым келгені рас. Меніңше, ондайды әрбір қыз армандады. Жеке өзім танымал адамға тұрмысқа шығуды армандаған жоқпын. Бірақ тағдыр маған осындай сый жасады. Ең үздік отағасыны сыйлады. Ол сондай ақкөңіл, түсінігі мол, ашық, жүрегі кең жан", - деп жазды ол Instagram парақшасында.
Айта кетейік, бүгінде ерлі-зайыпты екінші сәбиін күтуде. Махаббат Мүсілім сұхбаты барасында аяғы ауыр екенін растады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1986322-armandagan-zoqpyn-maxabbat-musilim-kuieuinin-tanymaldylygyna-qatysty-pikir-bildirdi/