Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұржан Керменбаевтың төртінші перзенті дүниеге келді (фото, видео)

Опубликовано:

Нұржан Керменбаев әйелімен
Фото: Instagram/ nazerke_kermenbayeva

Қазақстандық танымал әнші Нұржан Керменбаевтың отбасында қуанышты жағдай орын алды. Өнер иесінің төртінші перзенті дүниеге келді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл қуанышты жаңалықты ерлі-зайыпты Instagram желісінде сүйінші сұрап бөлісті. Белгілі болғандай, әртістің келіншегі оған ұл бала сыйлаған.

Дүние есігін енді ғана ашқан сәбиге Имран есімі берілген. Керменбаев әйелі мен баласын перзентханадан шығарып алып, көпшіліктің құттықтауларын қабылдап жатыр.

"Алланың қалауымен Болатбек Имран Нұржанұлы патшамыз аман-есен дүниеге келді. Аяқ-қолымды бауырыма алып, жеңілдеп шүкір Алла деп жатырмыз. Қолдап келген барлық жақындарымызға рахмет, Алла разы болсын. Баршаңызға осындай бақыт жұғысты болсын", - деп жазды Назерке Керменбаева.

Айта кетейік, бұл Керменбаевтың төртінші перзенті болды. Ерлі-зайыптының одан басқа тағы екі ұлы мен бір қызы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1986569-nurzan-kermenbaevtyn-tortinsi-perzenti-duniege-keldi-foto-video/

pixel