Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бірлігімізді көрсетуіміз керек": Ninety One тобы Қостанайда өрттен зардап шеккендерге қаржылай көмектеспек

Опубликовано:

"Ninety One" тобы мен Ерболат Беделхан
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Отандық шоу-бизнесте өзіндік орын бар Ninety One тобы Қостанайдағы жағдайға алаңдаушылық танытып, өрттен зардап шеккен жандарға қаржылай көмек көрсетуге дайын екендерін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Атышулы топ орын алып жатқан жағдайға бей-жай қарай алмай, отандастарына көмек қолын созуды шешкен. Бұл туралы ресми Instagram парақшасында айтылды.

Оған қоса Ninety One тобы барша қазақстандықтарды өрттен зардап шеккендерге көмектесуге шақырды.

"Қостанай облысындағы жағдай бізді де алаңдатты. Расымен, осы уақытқа дейін өзге елдерде болған өртті естіп, алаңдаушы едік, "әлем халқы аман болсын" деуші едік. Ал өз елімізде осындай жағдай орын алғанда, мұның қаншалықты қиын екенін екі есе түсіндік.

Қазір тілсіз жаудан зардап шеккендерге жан-жақтан көмек көрсетіліп жатыр. Көрсетілуі тиіс те. Осындайда ел болып, бірлігімізді көрсетуіміз керек. Біз, Ninety One тобы, сіздермен біргеміз! Өз ұжымымыздың атынан Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккен тұрғындарға қаржылай көмек көрсетеміз. Еліміздің әр тұрғыны біз үшін қымбат", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген де Қостанай халқына қолдау білдіріп, зардап шеккендерге қолынан келгенше көмектесуге дайын екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1986591-birligimizdi-korsetuimiz-kerek-ninety-one-toby-qostanaida-ortten-zardap-sekkenderge-qarzylai-komektespek/

pixel