Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асылхан Төлеповтың жалғыз қарындасы ұзатылды (фото, видео)

Опубликовано:

Айдана Төлепова күйеуімен
Фото: Instagram/aidopi

Отандық танымал актер Асылхан Төлеповтың отбасында қуанышты жағдай орын алды. Өнер иесінің жалғыз қарындасы Айдана Төлепова өз өмірлік серігін тауып, ұясынан ұзатылды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айдана Төлепова өз өмірінде орын алып жатқан жаңалықтармен Instagram желісінде белсенді түрде бөлісуде. Бұл жолы да бойжеткен "Сырға салу" рәсімі мен өз ұзату тойынан түрлі фото мен видео жариялап, оқырмандарының назарына ұсынды.

Жұлдызды әулеттің қуанышына барша ет-жақындары жиналып, қалыңдықты қазақи дәстүрлерге сәйкес ұзатқан.

Оның таңдауы Ринат Исаев есімді жігітке түскен. Күйеужігіт кәсіпкер әрі видеограф екені мәлім болды.

Оған қоса қос ғашық мешітте некелерін қидырып үлгерген.

Айта кетейік, бұған дейін Айдана Төлеповаға сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасап, оның "иә" деген жауабын алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1986750-asylxan-tolepovtyn-zalgyz-qaryndasy-uzatyldy-foto-video/

pixel