Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асылхан Төлеповтың қарындасы тұрмысқа шықты (видео)

Опубликовано:

Айдана Төлепова күйеуімен
Фото: Instagram/aidopi

Қазақстандық танымал актер Асылхан Төлеповтың отбасында қуанышты жағдай орын алды. Өнер иесінің жалғыз қарындасы Айдана Төлепова тұрмысқа шықты. Өткен демалыста бойжеткеннің үйлену тойы дүркіреп өтті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айдана Төлепованың үйлену тойы Алматы мейрамханаларының бірінде өткен. Дүбірлі шараға жас жұбайлардың туыстары мен ет-жақындары жиналған.

Асылхан Төлеповтың қарындасы Instagram парақшасында өзі ұнатып алған қалыңдық көйлегінің видеосын жариялап, тойға дайындық қалай өткенін көрсетті.

Айта кетейік, бұған дейін Айдана Төлепованың ұзату тойы өткенін жазған болатынбыз. Оның таңдауы Ринат Исаев есімді жігітке түскен. Күйеужігіт кәсіпкер әрі видеограф екені мәлім болды.

Оған қоса қос ғашық мешітте некелерін қидырып үлгерген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1987643-asylxan-tolepovtyn-qaryndasy-turmysqa-syqty-video/

pixel