Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сапасына мән беріңдер": Нұрболат Абдуллин қарым-қатынас туралы сөз қозғады

Опубликовано:

Нұрболат Абдуллин
Фото: Instagram/nurbullin

Отандық танымал әнші Нұрболат Абдуллин желіде оқырмандарымен сырласып, оларға өз келелі кеңесін берді. Өнер иесі көпшілікке шынайы достық пен өмірлеріндегі жақсы адамдарды барынша бағалау керектігін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрболат Абдуллин қарым-қатынас мәселесіне қатысты өз ой-толғауын Instagram парақшасында жеткізді.

"Қарым-қатынастағы жандар кейде киім секілді, уақыт келе тоғызы жетеді. Кейбіреулерін қимайсың, кейбіреуін лақтырып тастайсың. Кезінде киген киіміңді бейтаныстың үстінен көресің.

Мысалы менің бала кездегі, стипендияма, айлыққа жұмыс жасап жүргендегі киімдерімнің кейбіреуі гардеробта ілулі тұр. Киімнің сапасына мән беріңдер", - деп жазды әртіс.

Нұрболат Абдуллиннің Stories-i
Скриншот: Instagram/nurbullin

Айта кетейік, бұған дейін әнші Бейбіт Көшқалиев өз жан сырын ақтарып, әншілікті біржола тастамақ болғанын жазған едік. Әртіс өнер жолымен қоштасып, ауылына оралмақ болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1988090-sapasyna-man-berinder-nurbolat-abdullin-qarym-qatynas-turaly-soz-qozgady/

pixel