Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қорғаштай бермеймін": Әнші Салтанат Бақаева ұлдарын қалай тәрбиелейтінін айтты

Опубликовано:

Салтанат Бақаева
Салтанат Бақаева. Фото: Instagram/saltanat_bakayeva

Қазақстандық танымал әнші Салтанат Бақаева ұл балаларды қалай тәрбиелеу керектігін айтып, өз кеңесін берді. Өнер иесі перзенттерін кішкентайынан еңбекке баулуға тырысып жүргенін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Салтанат Бақаева ұлдарын барынша көп жұмсап, үй тірлігіне араластырып тұратынын жасырмады. Ол ұл балаларды тәрбиелеудің ерекшелігі туралы Айнұр Ілиясоваға берген сұхбатында айтты.

"Ұл балаларды үй тірлігіне араластырмау керек деген қағида менде жоқ. Керісінше: "Маған көмектесіңдер" деп айтып отырамын. Бірақ ұл болған соң, істеген істері шала. Арттарынан тазалап отыру керек. Бірақ төсектерін жинауға міндетті, іш киімдерін өздерін жуады. Басында енем: "Неге үйтесің? Өзің жуа салмайсың ба?" деп таңғалған. Неге мен жууым керек? Өзі жусын. 5 жастағы Айтөрем де соған үйреніп келе жатыр. Менің ойымша, не істесе де, өздері істеу керек. Әрине, қиындау. Бірақ мен балаларымды қорғаштай бермеймін. Керісінше істеп көргендерін қалаймын.

Қазақ "қызды жоқшылық, ұлды тоқшылық құртады" деп бекер айтпайды ғой. Өйткені олар жеңіл нәрсеге үйреніп қала, ертең өздері қиналады. Олар отбасын асырайтын азаматтар, жауапкершілік көбірек. Бірақ қаталдау ұстау керек деп ойлағаныммен, кейде аяймын. Жолдасым үлкен ұлымды көп жұмсайды. Мен оған кейде ренжимін. Бірақ қызығы Әмір әкесінің айтқанын "мені жұмсайды" деп ойламайды. Ал мен жұмсасам ренжиді. Соған қарағанда, оларға әкенің айтқаны заң деген қағида ген арқылы берілетін сияқты. Ал бізге, аналарына еркелеп, мазалайтын ойларын айтып алады", - деді әртіс.

Айта кетейік, бұған дейін Салтанат Бақаева қалың көпшілікке алғаш рет төртінші ұлын көрсеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1988165-qorgastai-bermeimin-ansi-saltanat-baqaeva-uldaryn-qalai-tarbieletinin-aitty/

pixel