"18 жыл күтіппін": Отандық бағдарламаға шақырту алған Мақпал Жүнісова жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Мақпал Жүнісова
Мақпал Жүнісова. Фото: instagram.com/zhunusova.makpal

Мақпал Жүнісова белгілі бір бағдарламаға қатысу үшін 18 жыл күткенін ашып айтты. Халық әртісі жұбайының қазасынан соң қара тізімде болғанын Instagram парақшасында жазды.

"Осы хабарға түсіруге болмайды" деген қара тізімде болып едік... Дүйсенбіде түсіреді екен. "Көрермендер болады" дейді. Көрермендердің болатынын мен түнде біліп жатырмын. Сіздер қалай ойлайсыздар? Осы хабарға шақыртуды 18 жыл күтіппін. Шынымды айтсам, ол жағын зерттеген жоқпын", - деді Мақпал Жүнісова.

Ал желі қолданушылары халық әртісін бағдарламаға шықпаса да жақсы көретінін айтып, жылы лебізін білдірді.

"Бұл бағдарламасыз да халық сізге жоғары атақты беріп қойған. Сізді тыңдамайтын қазақ жоқ деп ойлаймын", "Сол күткен сәтіңіз келді. Аман болыңыз", "Қазақтың Мақпалысыз", "Тағдыры бөлек, мықты жансыз", "Өзіңіз де, дауысыңыз да ерекше ғой. Ешкімге ұқсамайсыз" деп жазды әншінің жанкүйерлері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1988646-18-zyl-kutippin-otandyq-bagdarlamaga-saqyrtu-algan-maqpal-zunisova-zan-syryn-aqtardy/