jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Анатолий Кашпировский дүниеден озды

Мақұм Анатолий Кашпировский
Мақұм Анатолий Кашпировский. Фото: t.me/ostorozhno_novosti

Бүгін 87 жасқа қараған шағында танымал психотерапевт және экстрасенс Анатолий Кашпировский қайтыс болды, деп хабарлайды РБК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның жазуынша, Кашпировскийдің дүниеден озғаны туралы ақпаратты журналистерге оның директоры Сергей Рудых растаған. Рудыхтың айтуынша, Кашпировский ауруханада қайтыс болған.

РБК-ның мәліметінше, Анатолий Кашпировский – 1980-жылдардың соңында "емдеу" сеанстары туралы телебағдарламалар арқылы танымал болған кеңестік және ресейлік психотерапевт әрі тележүргізуші. 1993-1995 жылдары Ресей Мемлекеттік думасының депутаты болған.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Кашпировский Қазақстандағы ауылдардың бірінде тұрған.

"Дәрігер-психотерапевт Анатолий Кашпировскийдің денсаулық сеанстары" бағдарламасы 1989 жылдың 8 қазанынан желтоқсанның ортасына дейін Орталық телевизияның бірінші бағдарламасынан екі аптада бір рет жексенбі күндері эфирге шығып тұрған.

Анатолий Кашпировский дүниеден озды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram