Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақбота Керімбекованың ұлы ерекше дауысымен көпшілікті таңғалдырды

Опубликовано:

Біржан Шалқаров
Біржан Шалқаров. Видеодан кадр: instagram.com/botakerim

Әнші Ақбота Керімбекова Instagram парақшасында ұлы Біржанның ән айтқан видеосын бөлісті. Желі қолданушылары Біржан Шалқаровтың дауысына таңғалды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Көпшіліктің сұрауы бойынша ұлым Біржан салған әнді назарларыңызға ұсынамын. Аққу армандарыңыздың қанаты талмасын", - деп жазды өнер иесі.

Ал желі қолданушылары әншінің ұлы айтқан әнді ұйып тамашалағандарын жарыса жазды.

"Не деген дауыс?", "Керемет, анасы сияқты әнші ғой", "Қоңыр дауыс баурап алады", "Дауысы жағымды екен", "Балаңыз аман жүрсін. Дауысы жүрекке жетті".

"Ер азамат әншінің дауысының осындай болғаны құлаққа жағымды естіледі ғой. Жүрекке жеткізіп тұрып айтады екен. Нұрлан Өнербаев ағасы сияқты сахнада жүрсе тамаша болар еді", "Сахнада дәл осы Біржандай нағыз тембрі мықты, әнші ер азаматтар болуы керек", - деп пікір білдірді желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1988854-aqbota-kerimbekovanyn-uly-erekse-dauysymen-kopsilikti-tangaldyrdy-video/

pixel