Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Менің баламды көрсеткен": Мұрат Нұрәсіловтің ұлына біреулер әділетсіздік жасаған (видео)

Опубликовано:

Мұрат Нұрәсілов
Мұрат Нұрәсілов. Скриншот: "Менің өмірім" бағдарламасы

Бүгінгі таңда қыз ұзатып, немере сүйіп отырған актер Мұрат Нұрәсілов ұлына қатысты келеңсіз жайтты айтып берді. Өнер иесі "Менің өмірім" бағдарламасында ұлына біреулердің әділетсіздік жасағанын мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қазір немерелі болып отырмыз. Гауһар, Жауһар деген екі қызым, Ахан деген ұлым бар. Гауһарым Германияда тұрады. Украин азаматына тұрмысқа шықты. Күйеу балам музыкант. Жауһарым осында тұрмыста.

Аханым өз жолымды қуған. Режиссер. Келінді күтіп жүрміз. Балам негізі менің жолымды қуған жоқ. Негізі заң факультетіне барамын деп, сонда түскен. Үшінші курста оқып жүргенде балама негізсіз айып тақты. Содан балам стресске түсіп, "Әке мен ақпын. Ер жігітпін өзім жауап берем. Ақ болсам шығам, ақ болмасам кетем. Маған қарайламаңыз" деді. Содан ақталып шықты. Бірақ талай қиыншылық болды. Сосын балам "Әке, мен мұндай заңгер, прокурор, сот болғанша көше сыпырамын. Тастаймын" деді де, оқуды тастап кетті. "Мүмкін заңға қателесіп түскен шығармын" деп режиссерлікті таңдады", - деді актер.

Бағдарлама барысында Мұрат Нұрәсілов ұлына қандай әділетсіздік жасалғанын айтып берді.

"Жазда далада қыдырып жүрген кезде мектепте бірге оқыған қыз екі жігітпен жолығып қалады. Содан "Мектепті бірге бітірдік қой" деп әңгіме болған. Сөйтсе, әлгі жігіттер вешірден келе жатыр екен. Ана қызға неғып па жағдай болған ғой. Содан кейін ана бала үйіне мас боп барған. Сөйтсек, ол подполковниктің баласы екен. Қалтасында 25 мың болған екен. Ақша қайда деп сұрағанда, "Көшеде балалар тартып алды" деп өтірік айта салған. Сөйтсе, ол ресторанда ақшаны ішіп жеп қойған екен. Менің баламды тағы екі баланы көрсеткен. "Соткамды, портманемді тартып алды" деген. Бірақ оның ешқайсысы табылмады. Содан балам ақталып шықты. Бірақ олардың қолына түскеннен кейін түсінікті ғой. Осындай үлкен жағдай болды", - деді ағынан жарылған актер.

Айта кетейік, танымал театр актері Мұрат Нұрәсілов әкесінен ес білмей жатып айырылып, нағашы әпкесінің қолында тәрбиеленгенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1989267-menin-balamdy-korsetken-murat-nurasilov-ulyna-bireulerdin-adiletsizdik-zasaganyn-aitty-video/

pixel