Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Анамның әпкесі асырап алыпты": Танымал актер Мұрат Нұрәсілов жан сырын бөлісті (видео)

Опубликовано:

Мұрат Нұрәсілов
Мұрат Нұрәсілов. Скриншот: "Менің өмірім" бағдарламасы

Танымал театр актері Мұрат Нұрәсілов әкесінен ес білмей жатып айырылып, нағашы әпкесінің қолында тәрбиеленген. 3 сыныпқа келгенде асырап алған адам өмірден өтіп, мектеп интернатында өседі. Өнер иесі балалық шағы жайлы "Менің өмірім" бағдарламасында айтып берді.

Актердің айтуынша, әкесі алты айлығында өмірден өткен. Үшінші сыныбына дейін нағашы әпкесінің тәрбиесінде болған.

"Менің туып өскен жерім бұрынғы Талдықорған облысы, Қапал ауданы, Қоңыр ауылы. Сол жерде мен өмірге келіппін. Төртінші сыныпқа дейін сол ауылда оқыдым. Әртүрлі себеппен төрт сыныпты аудан орталығындағы мектеп интернатта бітірдім. Қайтадан Қоңыр аулына қайтып келіп, 9-10 сыныпты оқыдым.

Менің әкем алты айлығымда өмірден өтіпті. Шынына келгенде, мен шешемнің қолында тәрбиеленген жоқпын. Оны мен тек сегізінші сыныпқа келгенде метіркеден байқап қалдым. Үшінші сыныпқа барған кезде, мені асырап алған адам қайтыс болды. Сөйтіп мен мектеп интернатта тәрбиелендім", - деді өнер иесі.

Нұрәсіловтің айтуынша, кейін оқуға түсе алмай бірнеше рет сүрінгенде анасы қолдау білдіріпті.

"Ең қиыны мен бірнеше рет құлап барғанда анамды аядым. Елдердің айтпайтыны жоқ қой. "Мұның баласы не қылады? Қайта қайта бара береді. Одан да мына жерде қой бақпайды ма" деген. Бірақ анам бетімнен қақпады. Керісінше, демеу беріп отырды", - деді 27 жасында оқуға түскен актер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1989271-anamnyn-apkesi-asyrap-alypty-tanymal-akter-murat-nurasilov-zan-syrymen-bolisti-video/

pixel