Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір арманым орындалды": Бадықова көпшілікті қызықтырып қойды (фото, видео)

Опубликовано:

Дариға Бадықова
Дариға Бадықова. Фото: instagram.com/dariga_badykova

Үндістанға фильм түсірілімі бойынша барған актриса Дариға Бадықова көпшілікті Instagram парақшасындағы жазбасымен қызықтырып қойды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Үндістанға келіп, өзінен өзі бір арманым орындалып кетті. Нені армандағанымды фильм шыққанда көресіздер бұйырса", - деп жазды актриса.

Бұл жазбадан соң желі қолданушылары Бадықованың нені армандағанын жорамалдап табуға тырысқан.

"Тәджімахалды көрдіңіз бе?", "Шакрукх Ханды көрдіңіз бе?", "Меніңше, бала кезден Үндістанның әнін айтып, биін билеуді армандаған. Сол орындалған" деп жазды желідегілер.

Алайда актриса нақты қандай армады орындалғанын ашып айтпады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1989963-bir-armanym-oryndaldy-badyqova-kopsilikti-qyzyqtyryp-qoidy-fotovideo/

pixel