Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық топтың әншісі ескірткіге мас күйде көлік жүргізгені үшін сотталды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстандық топтың солисі есірткіге масайып, көлік жүргізгені үшін бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, көлік жүргізу куәлігінен айырыла тұра, көлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұсталған Әліби Мұратқа қатысты қылмыстық кодекстің 346-бабы 1-бөлігімен қозғалған қылмыстық істі тергеу аяқталған.

"Тергеу барысында анықталғандай, өткен жылдың қыркүйек айында Әліби Мұрат есімді азамат мас күйінде көлік жүргізген кезінде елордалық полиция қызметкерлеріне ұсталады. Сол кезде сот шешімімен 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Алайда өзіне тиісті қорытынды жасамай, биылғы жылдың 6 тамызында Ә.Мұрат есімді азамат тағы да мас күйінде көлік тізгініне отырған. Медициналық тексеру кезінде оның есірткіге мас екендігі анықталды. Сол күні Мұрат мырзаның үстінен қылмыстық іс қозғалды және қамауға алынды", – деді Алматы қалалық полиция департаменті анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Ведомства мәліметінше, 28 қыркүйек Бостандық сотының үкімімен Ә. Мұрат қылмыстық кодекстің 346-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айыру және 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ол жазасын ең төменгі қауіпсіздіктегі бас бостандығынан айыру орындарында өтейтін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1990267-otandyq-toptyn-ansisi-eskirtkige-mas-kuide-kolik-zurgizgeni-usin-sottaldy/

pixel