Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әсел Сәдуақасова кинодан неліктен көрінбей кеткенін түсіндірді (видео)

Опубликовано:

Әсел Сәдуақасова
Әсел Сәдуақасова. Фото: instagram.com/asselsadvakassova

Бес жылда 11 фильм түсірген Әсел Сәдуақасова бәрін тастап, өмірін күрт өзгерткен. Гормондық өзгерістер салдарынан артық салмақ қосып алған ол өмірін өзгерткісі келген. Бірнеше жылға көрермендер назарынан тыс қалған Әсел Сәдуақасова өміріндегі өзгерістер жайлы Тимур Балымбетовтың "Честно говоря" бағдарламасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Актриса тек осы жылдың мамырында Алматыға қайта оралған.

"Өз денеңді тыңдай білу ең маңыздысы. Ол сенің ең жақын досың. Егер сенің ішкі жан дүниеңде өзгеріс болса, ол белгі береді. Мен бірнеше фильм түсіремін. Гормондық өзгерістерден 2018 жылы артық салмақ қосып аламын. Уақытымның жоқтығынан үш ай дәрігерге бара алмадым.

Бір күні фильмнің түсірілімінен шығамын да, жүргізушіні тоқтатып, жолда көрген емханаға соқтым. Кейін ол дәрігерді таппай қалдым. Дәрігер маған "Егер мүмкіндігіңіз болса, жұмысты тоқтатыңыз. Сіздің ағзаңыз қазір тек күйзеліс жағдайында емес. Сізге қалай екенін түсіндіре алмаймын. Сіздің гормондарыңыз төрт есеге артқан" деп қорқынышты дүниелер айта бастады.

Мен сол сәтте қатты қорықтым. Мен емханадан шықтым да, көмекшіме хабарласып "Мадина, мен барлық түсірілімдерді аяқтаймын. Барлық жауапкершілікті өз мойныңа аласың. Біз қаңтар, ақпан, наурыз айларында фильм шығаруымыз керек. Мен наурызға дейін бәрін аяқтауым керек" дедім. Менің ағзам "Тоқта" деп белгі берді. Сол кезде жылына он фильмнен түсіргім келді. Бұл мүмкін еді. Осының әсерінен тәбетім жоғалды. Ары кетсе сыра іштім. Ұйқым да дұрыс болмады. Ол кезде ұйқының маңызын білмедім.

Бірақ дәрігердің сөзінен соң Алтайға кеттім. Осы демалыста мен 7 келі салмақ тастадым. Бірақ бұл ішкі дүниеме өзгеріс әкелмеді. Сосын Балиге кеттім. Осылай 2019 жылым өтті. Ал 2020 жылы карантин басталды", - деп ағынан жарылды актриса.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1990342-asel-saduaqasova-kinodan-nelikten-korinbei-ketkenin-tusindirdi-video/

pixel