Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш Құдайберген қазақ тілін құрметтеген жанкүйерлеріне алғыс білдірді (видео)

Опубликовано:

Димаш Құдайберген
Димаш Құдайберген. Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Танымал әнші Димаш Құдайберген әлемнің түпкір түпкіріндегі қазақ тілін құрметтеген жанкүйерлеріне алғыс айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Димаш Құдайберген алғыс білдірген жазбасын Instagram парақшасында жариялады.

"Қазақ тіліне құрмет көрсетіп жүрген барлық әлемдегі жанкүйерлеріме ерекше алғыс айтамын", - деп жазды әнші.

Видеода концерт кезінде Димаштың вьетнамдық жанкүйерінің қазақша сөйлеген сәті түсірілген.

"Сәлеметсіздер ме! Біз Вьетнамнанбыз", - деген жанкүйер Димашты ғана емес, барша көрерменді таңғалдырған еді.

Бойжеткеннің мәліметінше, ол қазақ тілін Димаш Құдайбергеннің арқасында үйренген. Әншінің жанкүйері Вьетнамда қазақ тілі мұғалімдерінің жоқ екенін және сол себепті тілді онлайн оқуға мәжбүр екенін мәлім етті. Сондай-ақ ол Вьетнамдағы Димаштың өзге жанкүйерлерін қазақ тілін үйренуге тартатынын айтты.

Айта кететіні, бойжеткен видеода ойын қазақ тілінде жеткізуге тырысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1990992-dimas-qudaibergen-qazaq-tilin-qurmettegen-zankuierlerine-algys-bildirdi-video/

pixel