Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алла Пугачева Мәскеу маңындағы элиталы үйін сатылымға шығарды

Опубликовано:

Алла Пугачева
Алла Пугачева. Фото: instagram.com/alla_orfey

Ресейлік БАҚ беттерінде әнші Алла Пугачеваның осыдан біраз уақыт бұрын Израильге қоныс аударғаны айтылған еді. Арада бірнеше күн өткенде әншінің Мәскеу маңындағы элиталы үйі сатылымға шығарылған, деп жазады Mash Telegram арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Mash арнасының мәліметінше, әншінің Грязь ауылындағы атышулы сарайы 1 миллиард рубль сатылымға қойылған.

Қазіргі уақытта сарайға Пугачеваның жиені - Никита Пресняков уақытша қарап қалған.

Ал халық әртісінің балаларымен бірге оқитын оқушылардың ата-аналарының айтуынша, Алла Борисовна өзінің соңғы сапарында Липковскідегі элиталық гимназияның басшылығынан балаларының жеке іс қағаздарын, сабақ үлгерімі туралы табельдерін, медициналық карталары мен өзге де мадақ-марапат қағаздарын сұратқан.

Айта кетейік, ресейлік БАҚ Алла Пугачеваның Израильге қоныс аударғаны туралы хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1991000-alla-pugaceva-maskeu-manyndagy-elitaly-uiin-satylymga-sygardy/

pixel