Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әсел Асқардың жансақтау бөлімінде жатқан ұлы көз жұмды

Жарияланған күні:

Әсел Асқар
Әсел Асқар. Фото: instagram.com/assel.askar

Актриса Әсел Асқардың кіші ұлы ауыр дертке шалдығып, жансақтау бөліміне түскен болатын. Ал бүгін өнер иесі кішкентайының бақилық болғанын мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Балам бізді тастап кете барды. Менің күлегешім. Менің күнім... Сен менің мәңгі жүрегімдесің", - деді Әсел Асқар Instagram парақшасында.

Айта кетейік, актриса ұлының өте сирек кездесетін туа біткен патологияға шалдыққанын атап өткен еді.

"Қазір менің балам ауыр халде. Мен ана ретінде баламның қиналғанын басқа ешкімге тілемеймін. Дәрігерлер қабылдаудың алғашқы күнінен-ақ баламның оңалып кететініне сенбеді. Бірақ ол керісінше, өмір үшін күресіп жатыр. 14 күннен бері өз өмірі үшін табанды түрде күресуде", - деген болатын Әсел Асқар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1991202-asel-asqardyn-zansaqtau-boliminde-zatqan-uly-omirden-otti/