Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қыздардан қорқам": Отандық актер Шәріп Серік болашақ жарына қандай талап қоятынын айтты (видео)

Опубликовано:

Шәріп Серік
Шәріп Серік. Фото: instagram.com/shakentii

Актер Шәріп Серік "TALK LIKE" бағдарламасында болашақ жұбайына қандай талаптар қоятынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама жүргізушісі Аман Тасыған актерден "Отбасы құрудан қорқып қалмадың ба?" деп сұрайды.

Ал Шәріп Серік отбасы құрудан қорықпайтынын, бірақ болашақ жұбайына қоятын бірнеше талаптары барын айтты.

"Мен қазіргі кезде отбасы болудан емес, қыздардан қорқамын. Мөлдірден кейін бірнеше қызбен жүріп көрдім. Неше түрлі оқиғалар кетеді. Оған сенесіз бе, сенбейсің бе, білмейсің.

Болашақ жарымның отбасылық жағдайы, жасы, ұлты, діні, қандай жұмыс жасайтыны маған маңызды емес. Арамызда махаббат болса, бәрі болады. Егер болашақ жарым мені шынымен жақсы көрсе, ол менің сөзімді орындайды. Махаббат пен достық қиын жұмыс. Үйлену - оңай, үй болу - қиын.

Менің жасым 31-келді. Бір Құдай біледі, менің болашақ жарым мүмкін жас қыз болатын шығар? Мүмкін менің құрдасым немесе өзім сияқты ажырасқан адам болады. Мүмкін баласы бар келіншек шығар, махаббат болса бәріне дайынмын. Бірінші отбасымды құрғанда мүмкін мен дайын болмадым. Ал қазір дайынмын. Мен де бала сүйгім келеді", - деді ағынан жарылған актер.

Айта кетейік, Шәріп Серік Say Mo лақап атымен танымал қазақстандық рэп орындаушы Мөлдір Есембекпен екі жыл бірге тұрге тұрған.

Арада уақыт өткенде өнер иесі ажырасуы жайлы шындықты айтты.

Сондай-ақ актер "мамасының баласы" атты челленджің жүрегіне ауыр тигенін жасырмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1991606-otandyq-akter-sarip-serik-bolasaq-zaryna-qandai-talap-qoyatynyn-aitty-video/

pixel