Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айжан Байзақованың ұзатылған сәті желіге тарады (видео)

Опубликовано:

Айжан Байзақова
Айжан Байзақова. Фото: instagram.com/bayzakova

Актриса Айжан Байзақоваға құда түсіп, сырға тақты. Мерекелік шараға блогердің әкесі келіп, онымен бірге билеген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Соңғы уақытта Айжан Байзақованың өмірінде көптеген маңызды өзгерістер болды. Актриса бір-екі апта бұрын өзіне үйлену туралы ұсыныс жасалғанын көрсетті. Сондай-ақ ол ұзақ уақыт араласпаған әкесімен татуласқан.

Қазір бойжеткен Instagram желісіндегі парақшасында өзіне жасалған "сырға салу" рәсімінің түсірілімін көрсетті.

Байзақова бұл күнді ең алдымен анасының ұзақ күткенін атап өтті.

"Себебі ол мені осылай әдемі қылы ұзатқысы келді. Барлығы керемет, әдемі болды", - деп жазды актриса.

Шараға Байзақованың әкесі келіп, онымен бірге би биледі.

"Әкем екеуміз өте мықты адамдармыз. Бізді ештеңе жылатпайды. Бірақ жақын адамдарға қатысты дүниеде ...", - деп түсіндірді қыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1991848-aizan-baizaqovanyn-uzatylgan-sati-zelige-tarady-video/

pixel